Қоршаған ортаны қорғау — адамзат баласының мойнына жүктелген негізгі міндет. Дегенмен, осы міндеттің салмағын толықтай сезіне алмай жүрген сияқтымыз. Осы ретте НАСА ғарыш станциясы Жер бетін суретке түсіріп, оның уақыт өте келе өзгеріп жатқанын айтып, алаңдаушылық танытуда. Әр кезде түсірілген төмендегі суреттерді салыстыра қарасаңыз, сіз де табиғаттың жылай-жылай "көз жасының" таусылып бара жатқанына куә боласыз.
Педерсен мұздығы, Аляска
Бұл сурет 1917 жылы түсірілген. Ал мына сурет 2005 жылы түсірілген екен. 88 жыл ішінде климаттың осыншама өзгеруі зерттеушілерді алаңдатуда.
МакКарти мұзтауы, Аляска
Мына алдыңғы сурет 1909 жылы 30 шілдеде түсірілген. Ал мына түрлі-түсті сурет 2004 жылы 11 тамызда таспаланған. АҚШ-тың Аляска штатының оңтүстігінде орналасқан бұл мұзтау 95 жылдың ішінде қатты еріп, орманды тауға айналған.
Альпі таулары, Италия, Швейцария
Сол жақтағы сурет 1960 жылдың 16 тамызында, ал оң жақтағы сурет 2005 жылдың 18 тамызында түсірілген. Италия мен Швейцарияның шекарасында орналасқан Маттерхорн тауының биіктігі - 4500 метр. Тау шыңындағы қар жамылғысы араға 45 жыл салып буға айналған.
Нью-Мексико штатындағы су қоймасы, АҚШ
Нью-Мексико штатындағы Элефант Бьютт су қоймасы 1916 жылы салынған. Соңғы 20 жылдың ішінде мұндағы судың деңгейі күрт төмендеп кеткен. Сол жақтағы сурет 1994 жылы 2 маусымда, ал оң жақтағы сурет 2013 жылы 3 шілдеде түсірілген. Осы суреттен-ақ судың деңгейін көре аласыздар.
Оровилль көлі, Калифорния
Сол жақтағы сурет 2011 жылдың шілде айында, ал оң жағындағы сурет 2014 жылдың тамыз айында түсірілген. 3 жылдың ішінде Калифорнияның Оровилль көлі тез құрғап кеткен. Жойылып кету қаупі бар бұл көлдің бетімен өткен кемелер көлдің тұңғиығымен жүзеді екен.
Мар Чикита көлі, Аргентина
Сол жақтағы сурет 1998 жылы 10 шілде түсірілген, ал оң жақтағы сурет 2011 жылы 27 қыркүйек күні түсірілген. Мар-Чикита — Аргентинадағы ең үлкен тұзды көлдердің бірі. Дегенмен, оның көлемі тартылған сайын тұздылығы артып барады. Ғалымдардың айтуы бойынша, біршама жылдан кейін көл кеуіп қалатын болса, сорға айналады екен.
Арал теңізі, Қазақстан
2000 жылғы сурет пен 2009 жылғы суретті салыстырып, 9 жылдың ішінде Аралдың қандай халге ұшырағанын көруге болады. Арал әлемдегі ең ірі тұзды теңіз болып есептелсе, Азияда көлемі бойынша екінші орында болатын. Оның құрғауы жергілікті тұрғындарға да, ауа-райына да кері әсерін тигізуде.