Табиғаттағы чемпиондар

Табиғаттағы чемпиондар
Фото: yaplakal.com

Жануарларға эволюция қалай әсер етті? Бүгін біз бейімделу арқылы әлі күнге тіршілік ету мүмкіндігінен айырылмаған жануарлар тізімін ұсынамыз.

Аналық пипа (бақа):

Фауна өкілдері өз ұрпақтарын жалғастыру үшін неше түрлі қулыққа барады. Көкек өзгенің ұясына өз жұмыртқасын басады, ал, оның балапандары өз бәсекелестерінен құтылу үшін оларды ұядан құлатып жібереді. Бұл бәрімізге белгілі ақпарат, дегенмен, суринам пипасының (америкалық бақа) балаларына жасайтын ерекше қамқорлығын көбі біле бермейді. Оңтүстік Американы мекендейтін бұл бақа өзге қосмекенділер секілді уылдырығын кез келген жерге шаша бермейді: су астындағы неке биі аяқталған соң ұрғашы және еркек бақа уылдырық пен шәуетті бір уақытта шашады.

Аналық бақа болашақ балаларын өзінің жабысқақ арқасына жинай бастайды. Ал, аталық оған оны жинауға көмектеседі. Осылайша, 11-12 апта бойына аналық пипа өзінің арқасында 40-140 жұмыртқаны тиеп жүреді. Бұндай бейімделудің ерекше түрі Амазонка өзендерінде пипаның дамуына өз септігін тигізіп жатыр.

Антифриз – балық:

Бейімделу әлеміндегі чемпиондар.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойына ғалымдар суық суда үсіп кетпейтін балық – антарктикалық mawsoni (клыкач) құпиясын зерттеумен келеді. Балық оңтүстік полюске жақын аймақта өмір сүреді. Көптеген балықтың қаны - 0,9°C температурада қатып қалады, ал антарктикалық бұл балық тұқымы –1,8 °C және одан да төмен температурада тіршілігін жалғастырады. Эволюция кезінде бұл балықтың гликопротеин-антифриз нәруызын өндіруге бейімделгені, сол арқылы қан айналымы үздіксіз жұмыс істейтіні анықталған. Рурс университетінің (Германия) ғалымдары терагерцті спектроскопияның көмегімен, нәруыз ағзада пайда болған кезде қандағы су молекулалары өз қозғалыстарын бәсеңдететіні белгілі болды.  

Өтірік өлім:

Бейімделу әлеміндегі чемпиондар.

Көптеген жануарлар қауіп төнгенде қашу арқылы құтылуға тырысса, олардан асып түсетін кейбір қу жануарлар бар: олар өлген секілді жата қалады, ал жыртқыштар өлікке жақындамайды. Жаралы немесе қатты қорқыныш құшағындағы опоссум өлі жануардың маскасын еш қиындықсыз кие алады. Олар қозғалыссыз жатып қана қоймайды, олардың ауыздарынан көпіршік атып, жағымсыз иіс бөледі. Денін иіскеген жыртқыш жануар өзінің жемтігі өлі (арам) екенін сезген бойда одан бас тартады.

Елес – жәндіктер:

Бейімделу әлеміндегі чемпиондар.

Бейімделу үшін бүркену тәсілін қолданудың нағыз шеберлері – жәндіктер. Оның ішінде бәрінен озып алға шыққан Phyllium (листовидки) тұқымдастары. Олар эволюция үрдісі кезінде табиғатпен селбесіп, ұзақ уақыт бойына қозғалмастан тұрады. Соның арқысында ол жапырақ пен бұтақтар секілді, яғни, сырт көзге мүлдем байқалмайды. Өздерінің бұл ерекшеліктері арқасында тағы бір атқа ие болды: ол – елес. 2008 жылы әлемдегі ең үлкен жәндік тіркелген: Phobaeticus chani. Оның ұзындығы 35,7 сантиметрге дейін жеткен. Бұл “елесті” тек Малайзия елінен көруге болады.

Мүйізді құмырсқа:

Бейімделу әлеміндегі чемпиондар.
Polyrhachis bihamata түріне жататын Азия құмырсқаларында жыртқыштарды қорқыту мақсатында мүйіз қалыптасқан: жәндікке жақындай кетсеңіз, теріні шаншып алады. Құмырсқалар топ-топ болып өмір сүреді. Егер олардың ұясына қауіп төнсе, олар бірлесе шабуыл жасайды. Жаулары бір уақытта қаруланған мыңдаған құмырсқаны көріп, өздері-ақ жасқанып қалады.


Міне, бұлар өмір сүру үшін өзінше күрес жүргізіп жатқан тіршілік иелері. Бейімделу арқылы әлі күнге дейін тұқымын сақтап, жойылып кетуден аман қалғандар саны жеткілікті. Бұл тек мыңнан бірі ғана. Сіз қандай жануардың қорғану амалына тәнтісіз?

Т. Есқали