- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Табиғат тудырған тұзды...
Табиғат тудырған тұзды өнер
Салинас Грандес – тұз мөлшері өте көп теңіз сахарасы. Суреттегі ақ алқапты алғаш көргенде мұз айдыны деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда олай емес, мұндағы ауа температурасы 450 градусқа дейін көтеріледі.
Бұл – Аргентина аймағында орналасқан тұзды сахара. Аумағы 8900 шаршы шақырымды алып жатыр. Жерінің топырағы құнарсыз. Кей жерлерінен ғана өскен өсімдіктерді кездестіруге болады. (Олар схинопсис атты сирек жерлерде өсетін ағаштар).
Суреттегі дәлелдерге сенсек, бір қарағанда теңіз түбінде жүргендей әсер қалдырады. Бірақ, геологтар бұл тұжырыммен мүлдем келіспейді. Себебі мұндағы ауа райы тым құрғақ әрі бұлтты күндер өте аз. (Тек жылына бір рет жауатын жаңбыр мен таудан аққан суды есепке алмағанда).
Шыдатпас ыстық пен құрғақ жел көлшіктердің пайда болуына жол бермейді.
Салинас Грандес шөлінен минералды тұздарды ғана алуға болады. Ал хлорид, сульфат секілді элементтер бұл аймақта жердің үстіңгі қабатында да кездесе береді.
Салинас Грандеске келуші туристердің саны артып, Аргентинаның экономикасы көтерілуде.
Мұнда қыдырып жүрудің өзі денсаулыққа аса қауіпті. Келушілерге күннен қорғайтын көзілдірік пен кремдерді, көп мөлшерде суды бірге алып жүруге кеңес береді.
Шөл даланың қақ ортасында теміржол орналасқан. Табиғат жасаған шеберлікті вагондардың ішінен шықпай бақылауға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fresher.ru
Қ. Бүйенбай