Атақты Жак Ив Кусто Гибралтар бұғазындағы су жазықтықтарын зерттеп жүріп, адам нанғысыз, тіпті, ғылымның өзі түсіндіре алмастай дерек тапқан. Ол бір жазықтықта ағып жатса да, бір-бірімен еш қосылмайтын су қабаттарын көрген. Олар тап бір жұқа қабықшамен бөлініп қойылғандай, әйтеуір белгілі бір шекарасы бар. Екі жақтың да өзіне тән температурасы, өзіндік тұздық құрамы, тіпті бөлек жануарлары мен өсімдік әлемі бар. Бұл – Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты суының Гибралтар бұғазында бір-бірімен тоғысатын жері.
Ғалым дәл осы көріністің куәгері болғанда, есінен танып қала жаздаған екен.
Жергілікті тұрғындар бұл жерді "жарық дүниенің шеті" деп атайтын көрінеді.
Бүгінде ғалымдарымыз бұл табиғи құбылыстың сырын аша алмай отыр. Бір топ ғалымдар екі теңіздің қосылмауына физикалық күштер әсер етіп отыр дегенді айтады. Десе де, бұл тұжырым нақты әрі дәлелді емес. Сондықтан Табиғат-Ананың тағы бір жұмбағы шешусіз қалып отыр.
Суреттер:liveinternet.ru,hanaamaya.beon.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева