Сіздің құпия ұлтыңыз қандай?

Сіздің құпия ұлтыңыз қандай?
Фото: massaget.kz

Әлемде бар ұлттың әрбірі бірегей менталитетке, дүниетанымға ие. Алайда адамның бірегейлігі ұлтында емес, өзінде. Кейде оның принциптері мен қалауы ұлт, қоғам мүддесінен тысқары болуы мүмкін.

ВВС Future жобасы What`s your secret nationality? (Сіздің құпия ұлтыңыз қандай?) викторинасын жасапты. Ол арқылы адам өзін қай ұлттың ортасында жайлы сезінетінін анықтай алады. ВВС мұндағы "құпия ұлт" деген тіркес астарына адамның типін, құндылығын, приоритетін, қабілетін алғаны белгілі. Себебі викторина мынадай категориялардан тұрады: 

Мен – әңгімешілмін;
Мен – мұқият жұмыс атқаратын адаммын;
Мен өзімді еркін ұстап, күйзеліске төтеп бере аламын; 
Мен – өзгелермен жанжал шығаратын адаммын; 
Мен қауырт жағдайда көп жүремін; 
Мен – кешірімшіл адаммын; 
Менің шырқым бұзылып, берекем кетіп жүреді; 
Мен алаңғасар, мазасыз адаммын; 
Мен – елестету деңгейі дамыған адаммын; 
Мен – сабырлы адаммын; 
Мен – жалқаумын; 
Мен – эмоционалды тұрғыда тұрақты, онша қапаланбайтын адаммын; 
Мен – өнертапқыш адаммын; 
Мен – ұялшақ, бұйығы адаммын; 
Мен – зейіні мықты, байқампаз адаммын; 
Мен әр нәрсені тиімді, нәтижелі етіп істйемін; 
Мен “шұқыма” жұмыстарды ұнатамын; 
Мен адамдармен ашық араласамын, әңгімешілмін; 
Мен – басқаларға дөрекі сөйлейтін адаммын; 
Мен – көркемөнерге қызығушылығы аз адаммын.

Барлығын таңдап болған соң, адамның мына қасиеттерін межелер арқылы анықтайды:

Ашықтығы;
Адалдығы;
Экстраверттігі (сыртқы дүниеге, айналасындағы адамдарға ыңғайлану қасиеті);
Ымыраға келе алу деңгейі;
Невротизм. 

Тесттен өту үшін мына сілтемені басыңыз.

Готхольд Лессинг айтқандай, Жер бетіндегі әр ел өзгелерден артық болатындай ешқандай қасиетке ие емес. Сондықтан бұл викторинадан ұлттар арасындағы үстемдікті іздеудің еш жөні жоқ. Сирек жағдайда адамның өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы мен өмір салты өз қоғамынан гөрі өзге ортамен астасып, сәйкес келіп жатады. Мұның себебін табиғи емес, жасанды фактордан іздеген жөн. Мысалы адам француз фильмдерін көріп, франциялықтардың ұлттық тағамдарын ұнатып, ұлттық киімін киюге құмар болса, оның бір ыждағаты сол елге, мемлекетке бұрып тұрады.  

Massaget.kz