Сіз - планетаның жауысыз!

Сіз - планетаның жауысыз!

Білесіз бе, сіз Жер планетасының қас жауысыз! Мойындағыңыз келмей ме? Ендеше өзіңіздің соңғы 50 жылда қандай сұмдықтарды жасағандығыңызды біле жүріңіз.

1. Адамзат баласы соңғы 50 жылда ірі балықтардың 90%-ын жойып жіберген. Мұхит жағалауындағы танымал балық аулайтын аудандардың 22%-ы құлдырап кеткен, ал 44%-ы жоқ болып кету үстінде екен. Жеуге жарамды балықтарды аулау үшін адамдар жылына 27 миллион ұсақ мақұлықты суға жібереді. Мұның әсерінен суда тіршілік ететін жануарлар зардап шегіп, жойылып кетіп жатыр, Ал су түбінің тралдармен (теңіз түбін тексеретін және одан айуандар мен өсімдіктерді ала шығатын аспап) жырылып кеткендігі соншалықты, ол жерде өмір сүру мүмкін емес.

2. Соңғы жарты ғасырда адам әлемдік ормандардың 70 %-ын құртып жіберген. Жер бетіндегі ормандардың шамамен 30%-ы  жармаланған, тозып кеткен.

3. Жыл сайын химиялық өнеркәсіп орындары 70 000 тонна әртүрлі улы органикалық заттарды қалдық етіп шығарады. Мұндай химикаттардың әсерінен 45 000 өзен уланып отыр.

4. Екі аяқ, жұмыр бастар соңғы елу жылда құстардың төрттен бір бөлігін жойып жіберді, оның 11%-ы өлім аузында. Сондай-ақ сүтқоректілердің 18, балықтардың 5, өсімдіктердің 8%-ына қауіп төніп тұр.


5. Су астындағы маржан жартастар Жер планетасындағы өте сирек кездесетін су жүйесі. Олар қазір ластықтан, эпидемиялық аурулардан және температураның өсуінен зардап шегіп отыр.

Жалпылай айтқанда, ең белсенді ресурстардың 30%-ға жуығы шығындалған, соған қарамастан, планета тұрғындарының саны қарқынды түрде өсуде...

Суреттер:liveinternet.ru,tursovetnik,fotozemli.ru,byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева