1. "Google" компаниясының қызметкері қайтыс болған жағдайда компания қызметкерінің жұбайына немесе әйеліне жалақысының 50 пайызы 10 жыл бойы төленеді. Ал, оның балалары 19 жасқа дейін айына 1000 АҚШ доллары көлемінде жәрдемақы алады.
2. Англиялық «қара кэп» көлігінің жүргізушісі болу үшін кем дегенде 25 мыңға жуық жол мен аймақты білу қажет. Сонымен қатар, жүргізуші таксистерге арналған “The Knowledge” тестін тапсырады. Үміткерге емтиханды сәтті тапсыру үшін 12 мүмкіндік және дайындалуға 34 ай уақыт беріледі.
3. Вьетнам соғысында «Midway» кемесі америкалық ұшақ экипажын кемеге қондыру үшін құны 10 миллион АҚШ долларын құрайтын бірнеше тікұшақты суға тастаған.
4. 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Пол Керн есімді жауынгер шекесінен оқ жарақатын алады. Жарақат себебінен жауынгердің жарты ми бөлігі толығымен жарамсыз болып қалған. Бірақ, ауыр жарақатқа қарамастан, жауынгер тірі қалып, өмір бойына ұйықтау қабілетінен айырылыпты. Осылай Пол ұйқысыз 40 жыл өмір сүрген.
5. Африкадағы Лесото мемлекеті ұшақ алаңын тау жартасының басына салған. Мұнда ұшқыштар ұшақпен жолда біраз күш алып, төмен қарай құлдилап барып, жоғарыға көтеріледі екен.
6. Бүкіл дүниежүзіндегі алтын қорының 11% пайызы үнділердің үй шаруасындағы әйелдеріне тиесілі. Бұл АҚШ, Швейцария, Германия және Халықаралық валюта қорын бірге қосып есептегендегі сомадан әлденеше рет асып түседі.
7. 1995 жылы белгісіз біреу 600 жылдық тарихы бар Будда мүсінін абайсызда сындырып алады. Нәтижесінде, мүсіннің гипстен емес, алтыннан жасалғандығы белгілі болған.
8. 1982 жылы бөгде біреу Букингем сарайына кіріп, жарты сағат бойы сарайды аралаған. Ол қабырға бетіндегі ілініп тұрған портреттерді тамашалап, тіпті, патша тағына да отырып көргенге ұқсайды. Тағы біршама уақыттан соң дастархан басындағы винодан ішіп, чеддер ірімшігінен дәм татып, тыныш кете барған. Ең қызығы, бұл кезде сарайдың ешқандай дабыл қоңырауы белгі бермеген.
9. «МакДональдс» компаниясы құрылған күнінен бастап риэлторлық жұмыстармен айналысқан. Компанияның негізін салушы Гарри Зонненборн бірде: «Біз жылжымайтын мүліктер бизнесімен айналысамыз. Ал, біздің гамбургер сатуымыздың ең басты себебі – жалға алушылар осылайша біздің жалдап отырған жеріміздің ақшасын төлеуге көмектеседі» деп айтқан.
10. Исландия мемлекетінде XVIII ғасырдан бері өмір сүрген адамдар туралы толық мағлұматқа ие арнайы компьютерлік бағдарлама бар. Бұл елдің халық саны – небары 320 мың. Бағдарлама жастардың некелескен кезінде бір-бірімен қандай да бір туыстық байланысы бар-жоғын анықтау үшін жасалыпты. Олар аты-жөндерін енгізсе болды, барлық ақпарат көз алдарында тұрады.
Оқи отырыңыз:
Қиял қосылған метро станциялары
Дубайда 7D-аттракционы ашылды
Саяхатқа қолайлы сөмке жасалды
Әлемдегі ең бай адамдар ақшасын өмір бойы жұмсаса да тауыса алмайды
Сурет: viralammo.com