Алма, алмұрт, банан, шие, апельсин сияқты жемістер бәрімізге таныс болар. Ал сіз әлемнің басқа шетінде өсетін, экзотикалық жемістерді білесіз бе? Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші "сұмдық" тәтті көрінеді. Ендеше, экзотика әлеміне саяхатқа шығайық.
1. Луло
Наранхилло немесе луло. Сырты апельсинге, іші жасыл қызанаққа ұқсайтын жемістің дәмі цитрустың дәміне ие. Ол Колумбия мен Эквадорда кеңінен таралған. Және де мифтік аңыздарға байланысты "Андтың алтын жемісі" не "Құдай шырыны" деп атайды екен.
2. Джамболан
Джамболаны Үндістанда тоқбасар жасауда пайдаланады екен. Бір қызығы, тұзбен жейді. Медицинада кеңінен қолданылады.
3. Аки
Бұл жеміс Ямайкада өседі. Кариб тағамдарын осы жемістен дайындалған дәмдеуіштерсіз пісірмейді екен.
4. Нан ағашы
Тынық мұхиты аралдарында ғана өсетін бұл жемісті пісіріп те, қуырып та, шикілей де жей береді. Крахмалы бар, ал исі жаңа піскен нанның исі сияқты.
5. Зизифус
Бұл жеміс Үндістанда, Қытайда, Азияда өседі. Жұмсағы ақ, қаттылау, шырынды, қышқылдау, жабайы алма секілді. Пісіп кеткен зизифус өте жұмсақ, борпылдақ болады.
6. Канистел
Канистелді негізі "жұмыртқа жемісі" деп атайды. Себебі, бұл жемісті пайдаланып, сүтті коктейль, балмұздақ, тәтті кремдер әзірлейді екен.
7. Пухала
Бұл ерекше жеміс Микронезияда өседі. Оның жапырағын тәтті тағамдарды пісіруде дәмдеуіш ретінде пайдаланады, ал майы мен гүлін емдік мақсатта қолданады.
8. Қара сапота
Бұл жемістің дәмін татып көрген адам бірден "Дәмі шоколадты пудингке ұқсайды" дейді. Қара сапотада апельсин құрамындағы С витамині төрт есе көп. Құрманың бір түрі болып есептелінетін жеміс көбіне Мексикада, Гватемалда, Колумбияда өседі.
9. Акеби
Акеби — Жапонияның солтүстігінде өсетін әдемі жеміс. Оның жұмсағы ақ, қара дәнектері көп. Ал оның күлгін түсті қабығын көкөніс ретінде пайдаланады.
10. Ашиот
Жемістің өзі желінбейді, ал дәнегі мен жұмсағын жеуге болады. Сонымен қатар, оны тағамға түс беру үшін дәмдеуіш ретінде қолданады.
Сурет: wallpaperscraft.com, bigpicture.ru