Наурыз айы қуанышты мерекелерге толы. Жақындарыңызды, достарыңызды, сүйіктіңізді құттықтап, сыйлық жасап, қуанып жүрген боларсыз. Бірақ, сыйлықтың да түрі бар. Ал, қолдан жасалған сыйлықтардың орны бөлек.
Қаржыңыз да біршама үнемделіп, өзіңіздің икеміңізді танытсаңыз, өзіңізге де жақсы. Ынта-ықыласпен, үлкен махаббатпен, мерекелік көңіл-күймен жасалған әр бұйымның өз қасиеті бар. Тіпті, сыйлықты салып берген сөмкеңіз де өз туындыңыз болса, нұр үстіне нұр. Ал сыйлық салатын сөмкенің жасалу жолын мына бейнебаяннан көріп, үйренсеңіз болады.