Туған күн, мейрам, мереке жақындаса, бәріміз бір-бірімізге сыйлық беруге асығамыз. Алайда оның қорапшасын өз қолымызбен жасауға ерініп, дайын күйде тұрғанын сатып ала қоямыз. Сондықтан бүгін біз сіздерге сыйлық қорапшасын қалай жасау керектігін айтқымыз келіп отыр. Ол біздің көп уақытымызды алмайды. Ол үшін бізге:
— түрлі түсті қағаз;
— желім;
— лента керек.
Оны жасауға санаулы минуттар жеткілікті. Ең бастысы өз қолымызбен жасаған дүниеміз достарымызға да, тума-туыстарымызға да ерекше көңіл-күй сыйлайтыны анық. Ендеше төмендегі видеоға назар аударыңыздар.