Сырлы әлем: Жапония (Видео)

Мына табиғаттың кереметіне таңқалмауға амал жоқ. Біз, әдетте, маймылдарды тропикалық аймақта өмір сүреді деп білеміз. Бірақ мына жапонның макакалары немесе қар маймылдары Жапонияның Нагано тауында қатаған суықта өмір сүреді екен.

Қимыл-әрекеттеріне қарасаң, белсенді түрде бір тақырыпты талқыға салып отырған сияқты. Мүмкін тоңып қалмаудың бір әдісі болар. Жапонның қар маймылдары осындай суық температураға төтеп бере алатын әлемдегі жалғыз маймылдың түрі болып саналады екен. Олардың қалың түкті тондары аяздан аман қалуына медет болады-мыс.

1964 жылы Жапонияда ашылған Jigokudani Yaen-koen саябағы қар маймылдарының дүние жүзіндегі ең үлкен қоры болып есептеледі. Ал Хонсю аралының тау бөктерінен орын тепкен ұлттық саябақта 160 жапонның макакасы өмір сүреді. Қыстың суығы төрт айға созылатын осындай климаттық  белдеуде Хонсюдің батыс сілемдерін мекендейтін маймылдар Дзигокуя-Онсен жылы су бұлақтарына малынып, денелерін жылы күйде сақтайды екен.

Бұлақтан көтерілген бу жануарларды жылытады. Макака жанұясының бір бөлігі суда көздерін жұмып алып, рахатқа бөленсе, тағы біршамасы жағалай орнығып, бір-бірінің түктерін тазалауға кіріседі екен. Маймылды қол жетім жерден тамашалауға болады, ал бұлақтардың төңірегі ешқандай қоршауға алынбаған.  Макакалар туристерге әбден үйренісіп кеткен, егер сіз оларға жақындамасаңыз, олар сізге қарай беттемейді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/8fWNn52OLDc#t","width":"450","height":"338"});

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.travel.ru, www.etoday.ru, thefoundationoflife.blogspot.com.