Балғындардың тәтті қиялынан асқан шеберлік жоқ. Олар салған суреттерден сіз хайуанаттар бағынан кездестірмеген, өзгеше бір тіршілік иесінің бейнесін көре аласыз. Ал Флоридадағы Budsies компаниясы балалардың сүйкімді кейіпкерлерін негізге ала отырып, ойыншық жасайды екен.
Бұл компанияның иесі – Алекс Фурманский. Оның қарындасы Мишель сурет салуды жаны сүйген және кішкентай кезінде жаңа суреттері тоңазытқыштың есігінде ілініп тұрады екен. Кейін суреттерін жинап қойған ағасы қарындасының қиялын жандандырып, соның негізінде жұмсақ ойыншықтар тігіп беруді ұйғарады. Сөйтіп, Budsies компаниясының бизнесі басталған екен.
Мишельдің ағасы жасап берген алғашқы ойыншығы Донглер деп аталады. Ал Донглер бүгінгі күні Budsies компаниясының тұмары болып отыр.
Ендеше, балалардың салған суреті негізінде жасалған ойыншықтарды тамашалаңыздар.
Сурет: adme.ru
Оқи отырыңыз:
1. Мектеп туралы сіз естімеген қызықты деректер
2. Қытайдың білім беру жүйесі қандай?
3. Екі аптаға созылған оқушылар байқауы
4. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе