2015 жылдың басында «мына көйлектің түсі қандай?» деген сауалнама ғаламтор қолданушыларын бір шулатқан-ды. Енді мына бір сурет те көпішілк арасында дау туғызып отыр. Себебі, адам қолындағы дәріні адамдар әртүрлі түсте көреді екен. Көпшілік оң жақтағы дәрі қызыл десе, сол жақтағы дәріні көк деп айтуда. Алайда кей адамдар екі дәрінің де түсі бірдей, сұр екенін айтып, ағынан жарылуда. Бұл пікірлердің қайшылығына адам миының түс қабылдау ерекшеліктері себеп болуы мүмкін.
Құрметті оқырман, ал сіз мына суреттегі дәрілердің түсін қалай көріп тұрсыз? Жауабыңызды пікір қалдыратын алаңға жазыңыз.
Жауабы