Түркіменстан астанасы Ашхабадта жаңа әуежай ашылады. Онда әуежай ашылғаны емес, бұл әуежайдың 2,3 млрд АҚШ долларына салынғаны және оның сұңқар құсқа ұқсайтыны таңғалдырады. Бұл әуежай сағатына 1600 жолаушыға қызмет етеді.
Былтыр бұл елге небәрі 105 000 турист саяхаттап келген екен. Әуежай сәулетшілерінің үмітіне сенсек, ендігі жылы туристердің саны жаңа нысанға байланысты күрт өсуі мүмкін. "Осы әуежайдың салынуы өзге әуежайларға ұқсамайтынын білген әрбір турист қызығушылықпен сұрайтын, ол кезде сәл күтіңіздер деп қана жауап қататынбыз. Енді міне, жауабы – әлем назарында" дейді олар.
Ел президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов бұл әуежай Еуропа, Оңтүстік Азия, Тынық мұхиты елдерімен экономикалық, сауда-саттық байланысын арттыра түсуге сеп болатынына сенімді.