Осман империясында қыздар гаремге қалай түсті және оларды таңдаудың қатаң критерийлері болды ма? Біз материалымызда негізгі ережелер мен заңдар туралы айтамыз.
Гарем сияқты құбылыс XIII ғасырда Осман империясында пайда болды. Ол Сұлтан сарайының күзетілетін бөлігі, онда билеушінің құлдары, күңдері, әйелдері және туыстары өмір сүрді. Араб тілінен «гарем» «тыйым салынған жер» деп аударылады.
Гаремде бірнеше жүзге дейін әйел өмір сүрді. Олардың кейбірін ата-аналары қыздар 5 жасқа толғаннан кейін сатып жіберген. Олар болашақта қыз бала сұлтанның таңдаулысы бола алады деп үміттенді. Ол жерде қыздар белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды.
Дегенмен, сұранысқа ие кәнизактардың белгілі бір түрін бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені әр сұлтан «идеал» сыртқы келбеттің өзіндік критерийлерін анықтады. Мысалы, бір патшалық кезінде брюнет қыздар сұранысқа ие болуы мүмкін, қоңыр шашты әйелдер мен аққұбалар билеушілерді соншалықты қызықтырмауы мүмкін. Тарихта толықша келген қыздарды ерекше ұнататын сұлтандар болған, олар үшін салмақты сақтау маңызды болды. Арықтау кетпеуі талап етілді. Арықша қыздарды ұнататын сұлтандардың кәзинактарына тамақ жеуге ыйым салынған. Ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек, сорпа, тәтті тағамдарды тек сұлтанның қасында түнеп жүрген қыздарға ғана рұқсат етілді.
Бірақ көпшілік билеушілер үшін сырт келбет соншалық маңызды болмады, тек ұқыпты, таза жүргені ғана талап етілді.
Ақыл, тәрбие, әдеп сияқты қасиеттерге көбірек мән берілді. Шын мәнінде, көптеген адамдар үшін гарем жабық мектеп болды, онда қыздар дайындықтан өтті, бұл, әрине, олардың кәнизактармен бәсекелесу қабілетіне бағытталған. Өнерді сіңіру. Бұл негіздер болмаса, бірде-бір ару Сұлтанның ықыласына ие бола алмайды.
Ал қыздың бос уақытын әртараптандыру үшін оған бірнеше музыкалық аспаптарда ойнауды, вокалды, поэзия мен би негіздерін игеруді, қарапайым хореографияны үйрену керек болды. Қыз қаншалықты толыққанды болса, соғұрлым жақсы, әрине. Ең маңызды дағдылардың бірі ер адамды баурау шеберлігі болды. Олардың арасында артықшылықтарын көрсету немесе кемшіліктерді жасыру, дұрыс бояну сынды өнерлер үйретілді. Сонымен қатар, бәсекелестер арасында өзіне сенімді қыздар бірден ерекшеленді.
Олар әдебиет, география, тілдер және тарих оқыды. Қадірлі әйел болу үшін өзін білімді адам ретінде көрсету керек болды. Сауат пен каллиграфия, сауатты сөйлеу – фавориттер барлық мәселеде зерек болуы керек еді.
Тағы бір алғы шарт – әйелдер ислам дінін ұстануға мәжбүр болды, ал басқа дінді ұстанатындар дінін өзгертті. Құран оқу да міндетті бағдарламаға енгізілді.
Ақыл-парасатқа, кейде қулыққа ие әйелдер биіктерге жетіп, тіпті империяда беделді тұлға бола алатын, оларға лайықты құрмет көрсетілген. Сондықтан гаремдегі өмір көптеген ережелермен реттелді және оларды орындау міндетті шарт болды.