- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Суды жеуге болады...
Суды жеуге болады
Ендігі 50 жылда қоғам, орта, табиғат – жалпы ғалам қазіргі қалыпты тұрмайды. Әсіресе, табиғат. Қазірдің өзінде табиғат көз алдымызда «өліп» жатқан секілді. Мұхит, өзен-көлдер пластикалық құтыларға толып жатыр. Британдық жас ғалымдар (Родриго Гарсиа Гонсалес) пластикалық құтылардан құтылудың жолын тапты.
Бұл – жұмсақ корпуспен қапталған, іші ішуге арналған суға толы, балдырдан жасалған гель тектес зат. Қақпағын ашып, ыдысқа құйып, қайта жауып, кейін тоңазытқышқа салып қою – мұндай ауызсуға тән емес. Себебі суға толы қауыз өте жұмсақ. Бар болғаны жеп қою керек. Оның атауы да бар – "Ooho!"
Шынымен, "суды жеу" деген сөз құлаққа қызық естілуі мүмкін. Мұны алғаш жария еткен соң, тұтынушылардың қатарында "Фаст-фуд" бар еді, енді "фаст-дринк" пайда болды ғой, біз жылдам тамақтанамыз деп қайда асығып барамыз?" деп әзілдегендер бар екен.
Егер балдырды жегіңіз келмесе, тек ішіндегі суын ішсеңіз болады. Ал балдырды тастай салсаңыз да, ештеңе етпейді. Себебі балдыр пластикалық бөтелке секілді 100 жылда шірімейді: тек апта ішінде жоқ болып кетеді.
Бұл зат осыдан 4 жыл бұрын ойға алынған еді, ал қазіргі нәтижесі көңіл қуантады. Осы заттың тұсаукесерінде көпшілік таңғалған екен.
Мұндай жаңалықтар табиғатты қорғауға әлі мүмкіндік бар деген сенімді білдіреді.
Г. Берік