Одайба – Токио қаласының орталығы мен Кемпірқосақ көпірін алып жатқан, Токио шығанағындағы ең ірі жасанды арал. Бұл арал 1850 жылы салынған.
Оны салудағы басты мақсат көрші елдерден қорғану еді.Тек ХХ ғасырдың соңына қарай кемежай салынып, аралдың ажары кіре бастады.
Технологияның дамуына байланысты, бұл аралдың да әлемге танылу мүмкіндігі артып тұр. Жыл сайын желтоқсан айының соңында су бұрқақтарының көмегімен лазерлі шоу өтеді.
Биіктігі 15 метр, ені 40 метр болатын, субұрқақ арқылы жасалған экранға әсем әуенмен неше түрлі бейнелер жасауға болады. Лазерлі шоудың толық нұсқасын мына бейнебаяннан тамашалаңыздар.
Сурет: meta.kz, bibo.kz, dobriiden.ru,