Суасты демалыс орталығы шақырады

Суасты демалыс орталығы шақырады

“Huvafen Fushi” дем алатын (рекреационды) комплексі бір қараған адамға белді суперагенттің су асты жұмбақ мекеніндей болып көрінеді. Бірақ мұның бәрі жай көзге. Жай ғана спа-орталық. 2004 жылы (Мальдив төрінде) алғаш кірпіші қаланып, сосын жуырда ғана британдық “Studio RHE” агенттігінің сәулетшілерімен қайта жөндеуден өткен.

“Huvafen Fushi” орталығы әрқайсысы шыны еденнен тұратын алты бірдей үй бөліктерінен құралған (емдеу кабинеті, сауна, спортзал, йога-зал, диеталық асхананың мейрамханасы). Осы тұста ғимараттың ең басты көрнекілі ретінде су астында 6 метр тереңдікте жатқан суасты қабаттарын айта кетуге болады. Айта кетсек, аймақтың бар сұлулығын ашып беріп тұрған терезелер Үнді мұхитының су асты жабайы тіршілігінен көрініс береді.

Бұл жерде де барлық демалыс орталықтары секілді жай ғана тынығып жата беруіңізге болады. Сол уақытта, сіз тынығып жатқанда, қызметкерлер массажын жасап, қажеттіні келтіріп, өз міндеттерін тыңғылықты атқарып жүреді. “Huvafen Fushi” орталығының басты көздегені де сол, демалысқа келген адамдардының көңілін жай таптыру.

Айтпақшы, аталған орталықтың бір апталық демалысы 20,000 доллардан басталады.

Сурет:m.kapital.kz 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига