Мына видеоға қарап адамдар судың үстімен жүріп бара жатыр деп ойларсыз.
Шындығында, бұл – мұз. Томас Нунук есімді саяхатшы роликті YouTube желісіне сегізінші желтоқсан күні салған. Оның айтуынша, ол бұл кадрларды Словакиядағы Биік Татра тауларында түсірген. Видео бүгінге дейін алты жарым миллион рет көріліп үлгеріпті.
Қолданушы Тайлер Вульф видео астына: "Бұл видео адам араласып, кедергі болмаған жағдайда табиғаттың өте әдемі бола алатынын көрсетті", - деп пікір жазды.
Дегенмен, кейбіреулер роликтегі құбылыстардың растығына күмәнмен қарайтындарын айтты. Хлоя Бейтман есімді қолданушы: "Егер бұның бәрі рас болып, ешқандай редакторлар қолданылмаған болса, видео неге тым қысқа?" – деп сауал тастады.
Кейбір ғалымдар видео авторының жағына шығып, бұл құбылысты ғылыми түрде түсіндіруге тырысты. Мысалы, метеоролог Меган Муссолине: "Таза мұз өте берік болады", – десе, геофизик Мати Лепаранта: "Суда артық қоспалар аз болған сайын, мұз соғұрлым мөлдір болады", – деді.
Ал сіз бұл видео туралы не ойлайсыз?
сурет: видеодан скриншот