Адамзат баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырып отырған. Біз сіздермен ондай мұралар туралы аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Бірақ олардың легі таусылар емес. Қайсыбірін оқып-білген сайын таңдайымызды қағып, басымызды шайқаудан шаршаған жоқпыз. Бүгінгі тақырыпқа арқау болып отырған стадион да өзінше ерекше, өзінше құнды.
Су бетінде орналасқан әлемдегі жалғыз стадион - Сингапурдағы Марина-Бэйде жатыр.
Оның ерекшелігі - орналасқан жерінде ғана емес, әлемдегі ең үлкен жүзу сахнасы болғандығымен де дараланып тұрады. Мыс пен болаттан жасалған құрылыс кешенінің ұзындығы - 120 метр, ені - 83 метр.
Кешен бір мезгілде 1070 тонна салмақты көтеріп тұра алады.
2007 жылдан бері стадионда әр түрлі мерекелік іс-шаралар: спорт додалары, концерттер, көрмелер өткізіліп келеді.
Суреттер: byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева