- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Су астындағы мұражай...
Су астындағы мұражай
Мексиканың "Канкун" атты демалыс орталығында су асты мұражайы бар. Аталған мұражай көркемөнер саласында әлемдегі ең ірі құрылыстардың бірі болып саналады.
2010 жылдың желтоқсан айында ашылған мұражайда төрт мыңға жуық сәулет ескерткіштері орналасқан. Бүгінгі таңда осы бір экспозициялар екі метрден он метр тереңдікте бой таластырып жатыр.
Мүсіндердің әрқайсысы су астындағы маржанды жартастармен әрекеттесуі үшін арнайы материалдардан жасалған. Және тұнық судың астында орын тепкен мұражайды түбі әйнектен жасалған кеме арқылы да тамашалауға болады. Сол арқылы суға түспей-ақ су астындағы өмірге бір үңіліп, жартастардың эволюциялық процесстеріне баға бере аласыз. Оған қоса көркемөнердің тамаша туындылары табиғатты аялау керек, қорғау керектігін аңғарту мақсатында да салынғаны көзге бірден басылады.
Су астындағы қызықтардан басқа мұражайдың адамдарға өз алдына эстетикалық ләзат-қуаныш сыйлайтыны тағы бар. Әр мүсіннің поэтикалық атауы көңіліңізді елең еткізері анық: " Жоғалған үміттің коллекциясы", "Адам от ішінде", "Үміт бағы", т.б.с.с.
Суреттер:glavnoe.ua
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига