- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Су асты сарқырамасы...
Су асты сарқырамасы барын білесіз бе?
Сарқырма құрлықта ғана емес, мұхитта да бар. Дәл судың ішінде. Тығыздығы әртүрлі су кездескен кезде бір-біріне құйылатын құбылыс.
Ал судың тығыздығы оның температурасы мен тұздылығына байланысты. Суық су мен тұзды судың тығыздығы жоғары болады. Ал ыстық су мен тұщы судың тығыздығы төмендеу.
Егер су астындағы рельеф еңіс әрі екі арнаның суы әртүрлі тығыздықта болса, сол кезде сарқырама пайда болады. Тығыздығы жоғары су ылдиға құйылады. Жалпы, су астындағы сарқырама құрлықтағыға қарағанда қуатты әрі үлкен болады.
Мұндай сарқыраманың көбі әлі де анықталмаған болар. Өйткені мұхит пен теңіздің асты әлі толық зерттелген емес. Ғылымға әзірше Дат бұғазы мен Маврикий аралындағы су асты сарқырамасы ғана белгілі.
Әсіресе, Дат бұғазындағы сарқырама – ең үлкені. Гренландия теңізінің Гренландия мен Исландия аралдары арасындағы Атлант мұхитына құйылар тұсында алып, қуатты сарқырама бар. 600 метр тереңдіктегі су 4000 метр тереңдікке қарай сарқырап жатыр. Сонда сарқыраманың биіктігі 3200 метр болғаны.
Маврикий – Африка құрлығына таяу Үнді мұхитындағы арал. Осы аралдың жанында алып сарқырама бар. Оны аралдың үстінен қараған кезде көзге бірден шалынады. Мыңдаған тонна су төменге кетіп жатыр.
Жағалауда жақын судың түсу аспантүстес болса, мұхитқа қарайғы судың түсі қою көк түс екенін әрі судың бөлініп-бөлініп, бөлек ағып жатқанын аңғаруға болады.
Мұхиттың тереңдігі жағалауға жақын тұста 10-30 метр болса, сарқырама пайда болған жерде 150 метр.