- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Сөйлейтін" шылым қорабы...
"Сөйлейтін" шылым қорабы
Стерлинг университетінің (Шотландия) зерттеушілері шылым шегуге қарсы күрестің жаңа әдісін ойлап тапты.
Ендігі таңда жаман әдеттен адамдардың құтылуы үшін, ғалымдар "ескерту жасайтын" шылым қораптарын жасап шығарған. Аталған қораптың арқасында тұтынушы шылым зиянын қағаз түрінде ғана біліп қоймай, ауызша ескертулерге де қанық болады.
Дәл қазіргі таңда жаңа қорап үлгілері шылым шегу көрсеткіші жоғары 16 мен 24 жас аралығындағы адамдарға сынақтан өтуде.
Зерттеушілер "сөйлейтін" екі бірдей шылым қорабын жасап шығара алған екен. Сол тұста ғалымдардың бірі шылымды тастау үшін телефон кеңесін ұсынса, ендігі бір ғалымдар өсімпаздық (репродуктив) қабілетінің төмендейтінін алға тартқан көрінеді.
Ғылым ордасының мамандары құттықтау қағаздарындағы "ән салу" технологиясын қолданған. Иә, қорапты әр ашқан жолы ескертіп тұрмақ екен.
Cурет:mobile.solusihp.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига