Соңғы 50 жыл ішінде ғайып болуы мүмкін тіршілік

Табиғаттың шеберлігі шексіз, сұлулығында да мін жоқ. Алайда, оның бәрі мәңгілік емес. Олар да адам секілді. Пайда болады, өседі, өнеді, көркейеді, қартаяды, соңында ғайып болады. Назарларыңызға осы уақытқа дейін көркімен көпті баурап алып, соңғы елу жылда ғайып болатын 10 ерекше тіршілікті ұсына отырып, барды бағалай білейік деген үндеу тастағымыз келеді.

Белиз рифі

Тосқауылды Белизский рифі Атлант мұхитындағы Лайтхаус рифінің (су астындағы құз) орталығында орналасқан. Туристер арасында "Үлкен көгілдір тесік" деген атпен таралған бұл геологиялық құрылым о баста мұз дәуірінен бері келе жатқан әк тастан құралған үңгірлер жүйесінің қатарында ғана еді. Өйткені, ол кездері теңіз деңгейі өте төмен болатын. Кейіннен мұхит суы көтеріліп, су басып қалған күмбез опырылып қалады да, оның орнына бүгінгідей карстық шұңғыма пайда болады. Зерттеуші ғалымдар шұңғыма осыдан 200 млн. жыл бұрын түзілген дегенді айтып отыр. Алайда, аталған табиғат тамашасы 1998 жылы қатты зардап шегіп, 50% маржандарынан (коралл) айырылып қалады. Күн өткен сайын жаһандық жылудың, адамдардың ұқыпсыздығының кесірінен оның маржандары өңсізденіп жатыр.

Конголезск ойпаты

Конголезск ойпаты аумағы жөнінен Амазонка бассейнінен кейін екінші орында тұр. 2040 жылдары оның флорасы мен фаунасының үштен екі бөлігі жоғалып кетеді деп БҰҰ хабарлап отыр. Дер кезінде қорғау шараларының жүргізілмеуі тоқырауға себеп болып отыр. Партизандық соғыс кезінде жайлауларды, шахталарды тұрғызу мақсатында ормандар өте көп шығынға ұшырады. Ойпаттың аумағы да жыл өткен сайын қысқара түсуде, осының әсерінен көмірқышқыл газы көп сіңіріліп, климатта өзгерістер байқалып жатыр.

Өлі теңіз

Соңғы төрт он жылдықта теңіз аумағы үш есе қысқарып, 24 метрге таязданды. Бұрынғы жағалаулар жарты шақырымға дейін алыстатылған. Өлі теңізге тек қана Иордан өзені келіп құяды, ал адамдар ол өзеннің суын тартып алуын үдетті. Бұдан басқа, косметика және калийдің көмірқышқыл газын өндірушілер теңіз түбіндегі минералдарды үздіксіз тасымалдайды. Нәтижесінде, 50 жылдан кейін Өлі теңіз ғайып болады.

Эверглейдс Ұлттық саябағы (Флорида, АҚШ)

Аймақтың басым бөлігін алып жатқан саз балшықтар айналадағы шаруа қожалықтарының және басқа да тірі организмдердің әсерінен қатты ластанып кеткен. Жергілікті судың 60%-ы жақын маңдағы қалалар мен шаруа қожалықтарына тартылады. Саябақтың көлемінің азаюына байланысты ондағы флоридалық қабыландар (басқа ешбір жерде жоқ) 1900 жылдан бастап екі есеге жойылған. Мамандар 40 жылдан кейін флоридалық қабылан және тағы сондай 20 жануар мүлдеп жоғалып кетеді дегенді айтып отыр.

Мадагаскар

Осы бір таңғажайып африкандық аралдың ормандарына құтқару шаралары жүргізілмесе, 35 жылдан кейін орман кесіліп, қурап, тұрғындары өліп қалады. Қорықтар аралардың 5% -ын ғана алып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, Мадагаскардың көптеген жануарлары зерттелмеген және тіркелмеген екен. Олар зерттеп үлгергенше көзден ғайып болайын деп отыр.

Мальдив аралдары

Егер де жаһандық жылу үдерісі дәл осылай жалғаса берсе, теңіз деңгейінен екі метр ғана асатын бұл аралдар шайылып кетеді. 2008 жылы ел президенті азаматтарды көшіретін жерді өзге мемлекеттен іздеу туралыс ұсыныс айтқан болатын. Ол 2009 жылы келе жатқан қауіпті ескерту үшін тағы да құрылтай шақырды.

Солтүстік және Оңтүстік полюстер

Жаһандық жылудың тигізер зардабы мұнымен бітпейді. Бұл үрдіс Антарктидадағы императорлық пингвиндердің 80%-ын жойып жіберуі мүмкін. Арктикадағы ақ аюлардан да айырылып қалуымыз ғажап емес. Еру барысында біртұтас экожүйе өледі. Антарктидада мұздың жаңа сілімдерінің түзілуіне 20-40 жыл қажет болады.

Жолбарыстар популяциясы

Жолбарыстардың жартысынан астамы Үндістан жерін мекендейді. Жабайы әлемде оның шамамен 3200-і ғана қалды. Ал 1900 жылдары 100 мыңнан асатын. Жолбарыстар шамамен 12 жылдың ішінде толықтай жоғалып кете алады. Қытай медицинасы орта есеппен тәулігіне бір жолбарыстан сояды. Жолбарыстарға арналған қорықтар бар болғанымен, олар мұның алдын ала алмай отыр.

Тахуаману джунглиі (Перу)

Мадре де Диос аталатын перулік провинцияда жер бетіндегі ең соңғы қызыл ағаштар өседі. Және олар тек қана Тахуаману джунглиінде екен. Заңсыз кесулердің әсерінен олардың саны қысқарып жатыр. АҚШ қызыл ағаштың шамамен 80%-ын сатып алып отыр. Неге дейсіз бе? Өйткені, қызыл ағаштың әрбіреуінен миллион доллар тұратын жиһаз жасауға болады. Орманшылардың арнайы жолдар салып, фермерлерге, аңшыларға джунглиге кіруге рұқсат беретіндігі жергілікті тұрғындардың мазасын алуда. Оның экожүйеге тигізер залалы шаш-етектен. Оның үстіне, көрші аймақтардағы алтын шығару орындары ауаны ластайды.

Янцзы өзенінің бассейні

Қытайлық мамандар мен шетелдегі көптеген бақылаушылар осы аймақтағы фауна мен флораның жойылып кету алдында тұрғандығын айтып дабыл қағады. Оның себепкерлері – кесіліп жатқан ағаштар, тоғандардың құрылысы, суқоймаларының түзілуі. Жер сілкінісінен келетін қауіп те жоқ емес. Туристердің де ағылып келуі экологияның нашарлап, көрікті аймақтың өлімін жақындатады. Жергілікті билік өкілдері туризмге тосқауыл қоятын болса, табиғат тамашасын сақтап қалуға болады.

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева