Жаңа жылдың алғашқы күндері YouTube сайтында "Сілеусінді құтқару" (Bobcat release) атты ролик пайда болды.
Жабайы мысықты құтқару операциясы жұртшылықты қатты қызықтырғандығы соншалық, 4 минуттық видеоны бір аптаның ішінде 5 миллион адам тамашалап үлгерді.
Қақпанға ұрынып, шарасыз жатқан аңды көздері шалған жас жігіттер оны құтқарып, босатып жіберуді шешкен. Дегенмен сілеусін адамдардың бұл пейілін қабыл алмай, оларды қасына жолатпауды дұрыс көріп, сес көрсетті.
"Кадрдағы адам мен емес. Ол менің досым Бретт. Ол сілеусінді қақпаннан босатып, еркіндікке жіберді", - деп жазды америкалық Крис Вард роликтің сипаттамасында.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EiY9inQKkvw","width":"450","height":"240"});
Құтқарушы жігіттер жабайы жануарға: "Мынау кім тағы? Бұл мистер сілеусін! Бұл "тентек жігітті" қандай жолмен болса да босатуымыз керек. Қалай екенін әзірге білмейін, бірақ біз оны құтқарамыз. Сүйкімді мысыққа ұқсайды өзі", - деп жақындап, іске кірісе бастайды.
Осы сәтте аңның сес көрсеткен даусы естіледі. Жануар құтқару операциясының соңына дейін тыпыршып, бой алдырмауға тырысады. Ақыры жігіттер мақсатына жетіп, аңды босатады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: youtube.com сайтына скриншот