Аустралияда Диджа атты «скейтбордшы» мысық YouTube порталының жұлдызына айналды, деп жазады 24.kz. Төрт дөңгелекті тақтайды айдауды шебер меңгерген үй жануарының өнерін ғаламторда 5,5 миллион адам тамашалаған.
Қазір тіпті оның YouTube-те өз жеке арнасы да бар. «Скейтбордқа мініп, қалалық жағажайды аралау - Диджаның күнделікті сүйікті ісі. Ол – нағыз спортшы. Ал көршілердің иттері оған мүлде жоламайды»,-дейді оның иесі. Жалпы төрт аяқтыны спорттың бұл түріне Роберт Доллуэт атты жануар үйретуші машықтандырған. Ал бейнероликті кәсіби етіп түсіру үшін 1 жылдан астам уақыт кеткен.
сурет: youtube.com