Америкалық азамат ауырлығы үш қадақ, сирек кездесетін алтын балық ұстаған.
25 жастағы АҚШ азаматы Майк Мартин Мичиган штатының Сент-Клер көліндегі мұз үстінде балық аулап отырып, қармағына ілінген алтын балықты көріп қайран қалған. Алтын балықтың ірілігі сонша, мұндай түр сирек кездеседі екен. Ауырлығы 2.72kg, ұзындығы 38cm алтын балықты басқалар жағынан көлге қоя берілген болуы мүмкін дейді мамандар.
Ол енді үкімет орындарына хабарласып, бұл балықтың ең ірі алтын балық рекордына енетін-енбейтіндігін білгісі келеді екен. Егер бұл рекордтар кітабына енбейтін болса, ол балықты зерттеу орындарына тапсырып бермейтіндігін айтқан. Ерекше естелік бұйымы ретінде қатырып, сақтап қоятынын айтқан. "Мұны қымбат бағамен сатып алатын қызығушылар табылады" дейді балықшы.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: wbkvam.com