- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сингапурде ерекше қос...
Сингапурде ерекше қос ғимарат тұрғызылмақ
DUO - Сунгапурдегі Buro Ole Scheeren архитектуралық студияның жаңа жобасы. Бұл жоба аясында Сингапурдың тарихи орталығы саналатын Кампонг-Гламда қос бірдей ерекше ғимарат тұрғызылатын болды. Қуыс қабырғалы болып салынатын екі ғимараттың биіктігі 186 және 170 метр. Бірінші ғимаратта 600-ден астам үй-жай орналасса, екіншісіне офистер мен отельдер салынады.
Ғимарат терезелері ара ұясы іспеттес дизайнда жасалады. Ал шатырды үлкен гүл баққа айналдыру жоспарланған. Сондай-ақ ғимарат шатырында мейрамхана және қонақтарға қаланың керемет көрінісіне тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынбақ.
Ғимаратты салу жұмыстары 2013 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға беріледі деп хабарланып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет