Әлемдегі ең таза мемлекет Сингапурда енді ең үлкен аквариум ашылды. Аквариумның атауы – S.E.A. Aquarium. Ол әйгілі Сентос аралында орналасқан Resorts World Sentos деп аталатын демалыс саябағының бір бөлігіне айналып отыр.
Аквариумнан бөлек бұл жерде аквапарк та ашылды. Бұл демалыс орнында бассейн, өзен, сырғанақтар бар. Тіпті, жүрек жұтқан жандар дельфиндермен, скаттармен бірге суда жүзе алады.
Жақында ғана ашылған аквариумде 100 мыңнан астам теңіз мекендеушілері бар. Аквариумде бұлардың 800 түрі кездеседі. Бір билеттің құны ересек адамдарға 24 доллар.
Сурет: moya-planeta.ru, vta.kz, bigpicture.ru