- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Силандия - әлемдегі...
Силандия - әлемдегі ең кішкентай князьдік
Суреттегі құрылыс бір қараған адамға мұнай платформасына ұқсас болып көрінгенімен, Силандия атты әлемдегі ең кіші князьдіктің өз нышандары – елтаңбасы, туы, тіпті төл ақшасы бар. Князьдіктің жер аумағы - бар болғаны 550 шаршы метрді құрайды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде платформа немістердің шабуылдарына тойтарыс беру үшін Англияның шығыс жағалауында тұрғызылған болатын. 1967 жылы британдық майор Пэдди Рой Бейтс платформаны өздігінен тартып алды. Ол қорғаушылармен ақылдаса келе, платформаны тәуелсіз князьдік, ал өзін – Силандия ханзадасымын деп жариялады.
Ұлыбритания билігі көптеген келіссөздерден кейін Роймен оқшауланған келісім жүргізді. Алайда көп ұзамай-ақ өз қателіктерін мойындады да, Силандия аумағына басып кірді. Ашынған Рой оларға от қойды.
Осы оқиғадан кейін Англия оны қылмыскер деп жариялады. Сот Ройды ақтап шығуға мәжбүр болды. Ол сол сәттен бері өз князьдігінің тәуелсіздігі үшін тоқтаусыз күрес жүргізіп келеді.
Соңғы уақытта Силандияның жағдайы мәз емес. Бүгінде Ройдың жасы сексен беске келген. Оған билеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғып отырғандықтан, платформаны сатылымға шығарып отыр. Әлем халықтары мемлекеттің көз тартар кереметтей теңіз көрінісін, дертке дауа болар таза ауасын Силандияның негізгі құндылығы ретінде таниды.
Айтпақшы, Силандия таяуда мемлекеттің толық азаматы ретінде танылатын адамдарға арнап, ашық түрде 300 төлқұжат жасап шығарды. Бүгінде платформада Рой, оның отбасы және бірнеше достары ғана тұрады.
Суреттер: point.ru,obychnogo.net,rebeka-r.livejournal.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева