Шықшы тауға, қарашы кең далаға...

Асқар шыңдарға шығып, төмендегі әлемге көз жүгірткен сәттегі әсерді ешбір сезіммен салыстыра алмайсыз. Бүкіл әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күйге бөленесіз. Бар қайғыңыз бен мұңыңызды ұмытып, көңіліңіз көтеріліп сала береді. Күллі әлемнің қожайыны болғыңыз келіп, жаһанға жар салғыңыз келеді. Мұндай айтып жеткізе алмастай сезімді басыңыздан бұрын-соңды өткеріп көрдіңіз бе? Жоқ?!

Олай болса, барлық жұмысыңызды ысырып қойыңыз да, әлемнің ең биік алаңқайлары туралы жазбамызды мұхият оқып шығыңыз.

Бес саусақ – Австрияның аты аңызға айналған алаңқайы. Алаңға шығу тегін. Мұнда тұрып Альпі тауларының керемет көрінісінің куәгері бола аласыз.

Aurland Lookout атты 640 метр биіктікте орналасқан алаңқайдың шыңына көтерілу көптеген адамдардың қолжетпес арманы болып саналады. Орланд қаласының жоғары жағында орналасқан алаңқайға ағаш көпір арқылы көтерілесіз.

Эгюий-дю-Миди арқандық жолының станциясында орналасқан айлақтық платформаға шыға қалсаңыз, Табиғат-Ананың сұлулығына еріксіз бас иесіз. Әсіресе, Франциядағы Шамони жазықтығының көрінісі ерекшеленіп тұрады.

Grand Canyon Skywalk – әйнек едені бар алаңқай Гранд шатқалында ілініп тұр. Бұл еденмен жүру кәдімгідей ерлікті талап етеді.

AlpspiX алаңы жүйке жүйесі нашарлаған адамдарға арналмаған. Аса үлкен емес, екі тақтайша 2.628 м биіктікте ілініп тұр. Алаңға шығар болсаңыз, «Тозақ жазықтығын» тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Штубай мұздығының сұлулығын тамашалағыңыз келсе, Top of Tyrol алаңына көтерілуіңізге тура келеді. Алаң 3210 м биіктікте орналасқан.

Суреттер:fotolife-me.livejournal.com,

listphobia.com,merkur-online.de,kovinov.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева