«Weather head Architecture» атты сәулет фирмасы Швецияның Халланд провинциясында салынатын көпфункциялы кешеннің жобасын ұсынды.
«Көбелектер алаңы» деп аталатын жоба L әрпінің формасына ұқсас екі ғимараттан тұрады. Ғимаратты жаяу жүргіншілер көшесі бөледі.
Кешеннің ауданы – 2500 м2. Өзінің ерекше сәнімен көзді баурайын деп тұрған бұл ғимарат әйнек пен ағаштан салынады. Кешенде түрлі гүлдермен көмкерілген гүлзарлар және жасанды өзен болады.
«Көбелектер алаңында» тұрғын үйлер де, сауда орталықтары да, ойын-сауық кешені де болады. Ғимарат астында көлік тұрағы орын тебеді, ал шатырында ерекше өсімдіктерді өсіру жоспарда бар. Ал гүлзар, шынымен, кейбір көбелектер мен құстардың мекеніне айналуы мүмкін.
Кешен құрылысы 2016 жылы басталады деп жоспарланған.
Сурет:mixstuff.ru