Шведтер "АББАларымен" ғана шектеліп қоймай, жаңа биіктерге бағыт алды. Кіп-кішкентай ғана скандинавиялық ел рекордтарды бұзып келеді...
Шведтердің қоқыстан энергия өндіріп шығу турасындағы жобалары сәтті болып шықты. Есесіне енді қазір қоқыс жетпей жатқан көрінеді. Өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату орталығында елден жиналған қоқыстың 4-ақ пайызы қалыпты. Одан бұрын да көршілес елдерден 800 000 тоннаға дейін қоқыс алдырып келген.
Бүгінгі таңда Норвегия елі Швецияға қоқыс алып тұрғаны үшін ақша төлейді. Өз кезегінде шведтер енді Болгария, Румыния, Италия секілді елдерге де қолқа сала бастады. Себебі, аталған елдерде қоқыстан құтылу үшін өртеп жіберу, көміп тастау әдістері жүзеге асырылады екен. Алайда, сол бір әдістері өздеріне де тиімсіз көрінеді.
Айта кететін болсақ, шведтер қоқысты 250 000 үйді жылыту үшін, тағысын басқа дүниелерге энергия алу мақсатында қолданып келеді. Сол жағынан алғанда жер бетінде шведтерден артық үлгілі ел болмай тұр. Өздеріңіз білетіндей, көптеген елдер қоқысты өндірмек түгілі, өңірлерге көміп тастауды әдетке айналдырған.
сурет:bigpicture.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек