Еуропаның жарты бөлігінде үлкен археологиялық қазу жұмыстары жүріп жатыр. Солтүстік Шотландиядан Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан жер асты жолы ғалымдардың таңданысын туғызды. Жер асты жолы, үңгірлер мен жертөлелер бойынша зерттеу жұмысын жасаушы неміс ғалымы, археолог Генрих Кущ осыдан 12 мың жыл бұрын салынған жер асты жолын зерттей келіп, оған «Ежелгі әлемге апарар жол» атты атау берді.