- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Шотландиядан Түркияға баратын...
Шотландиядан Түркияға баратын жер асты жолы табылды
Еуропаның жарты бөлігінде үлкен археологиялық қазу жұмыстары жүріп жатыр. Солтүстік Шотландиядан Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан жер асты жолы ғалымдардың таңданысын туғызды. Жер асты жолы, үңгірлер мен жертөлелер бойынша зерттеу жұмысын жасаушы неміс ғалымы, археолог Генрих Кущ осыдан 12 мың жыл бұрын салынған жер асты жолын зерттей келіп, оған «Ежелгі әлемге апарар жол» атты атау берді.
Ғалымдар әлі де зерттеу үстінде. Егер 12 мың жылдық тарихы бары анық болса, онда бұл жер асты жолы сіз бен біз ойлағаннан да үлкен әрі кең болуы мүмкін.
Кей дерек бойынша бұл сол замандағы белгісіз мақұлықтардан қорғану үшін жасалған, бір жерден екінші жерге жету мақсатындағы жол деп түсіндіреді. Ал бүгінгі ғалымдар бұл соғыс кезіндегі окоптардың ең байырғы және кең түрі деп қарастырды.
М. Ақан