- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Шөлде қалған кеме...
Шөлде қалған кеме
"Эдвард Болен" - 1909 жылдың 5-қыркүйегінде Намиб шөлінің жағасында апатқа ұшыраған ұзындығы 100 метр болатын немістің алып кемесі. Кеме Гамбургте 1891 жылы құрастырылып, Гамбург - Батыс Африка маршруты бойынша тұрақты саяхатқа шығып отырған. Алайда оның соңғы сапары кезінде кеме қалың тұман мен жылдам ағыс салдарынан апатқа ұшырап, теңіз жағалауына келіп соқтығысқан. Кемені құтқарып қалуға бағытталған барлық әрекеттер сәтсіз аяқталған екен. Көмекке келген кеменің арқасында тек жолаушыларды ғана құтқарып қалудың сәті түскен.
Ол заманнан бері теңіз тартылып, нәтижесінде кеме шөл сағымына айналып үлгерген.
Қазіргі кезде кеменің тат басқан қалдықтарын жартылай құм басып, ол теңіз жағалауынан жүздеген метр жерде жатыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: mirfactov.com/
Б. Қосмағамбет