Шигер Банудың жобасына сәйкес жасалған музей ашылды

Шигер Банудың жобасына сәйкес жасалған музей ашылды

Колорадо тау шаңғысы курортында Притцкеровск жүлдесін жеңіп алған Шигер Банудың жобасына сәйкес ерекше музей ашылды.

Музей Аспен қаласында таудың шатқалында орналасқан. Вестибюль және бұдан өзге көпшілікке арналған залдар тауды көретіндей етіп шатырда орналасқан. Әйнектен жасалған керегесі қосымша «продем» материалымен қапталған. Бұл – фанердің ортасына жағылатын қарамай мен резіңкенің қосындысы.



Жапондық архитектор 3000 шаршы метр жерге 6 көрме залын, дәмхана, бар және кино көрсетуге арналған орындар ашқан. Мұнымен қатар, шатырда кітап дүкені бар.




Аспендегі музейді салу барысында Шигер Бану қоршаған ортаның сұлулығымен үйлесетін ғимарат тұрғызуды мақсат тұтқан екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Қ. Бүйенбай