Бүгін, яғни ақпан айының төртінші жұлдызы күні Францияның Тулуз қаласында дәстүрлі "Шегіргүлдер фестивалі" өтіп жатыр. Алғашында қала көлемінде тойланған мереке мемлекеттік деңгейге көтеріліп, кейіннен халықаралық дәрежеде ұйымдастырылатын болды. Фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар қонаққа келіп, шегіргүлге деген махаббаттарын паш етеді. Тулузаны "алқызыл қала" немесе "шегіргүлдер (фиалка) астанасы" деп бекер атамайды. Өйткені, басқа еш жерде осы бір сұлу гүлдерге мұншама ілтипат, мұншама құрмет көрсетілген емес. Фестивальдің француздық атауы - Toulouse Violet Festival.
Шегіргүлдердің халықаралық астанасындағы қонақ үйлер ендігі толып қалды. Қатысушылар немесе жәй ғана туристер алдын ала тапсырыс бермесе, баспанасыз қалады. Мұндай жағдайлар болған.