Бала кезімізде «Сырты – қатты, іші-тәтті» деп жұмбақ жасырып ойнайтын осы бір көкөністен барлығыңыз да хабардар боларсыздар. Қарбыз дегенде көз алдыңызға дөңгелек пішінді, сырты жасыл, іші қызыл, тәп-тәтті көкөністің елестейтіні тағы да рас. Ал, сіз бұрын-соңды шаршы пішінді қарбызды аузыңызға алып көрдіңіз бе?
Ғылым мен техниканың қыр-сырын жетік меңгерген жапондықтар тоңазытқыштағы орынды үнемдеу үшін шаршы пішінді қарбыздарды ойлап тапқан.
Шаршы қарбыз тұңғыш рет осыдан 30 жыл бұрын жапондық Сикоку аралының Кагава аймағында өсірілген.
Олар қарбыздарды енді ғана өсіп жатқан кезінде сабақтарымен қоса, шыны немесе пластикті қорапшаларға орналастырған.
Бүгінде жапондық бақша шаруашылығының мамандары тек шаршы қарбыздарды ғана емес, пирамида формасындағы қарбыздарды ойлап тапты. Қарбыздың пішіні өзгергенімен, оның дәміне ешқандай әсері тимейтіндігі дәлелденген.
Сонымен қатар, бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде шаршы пішінді қызынақтар мен қиярлар өсірілуде.
Таңқаларлық рәсімнің басшыларының бірі Әли ибн Мухаммед ибн Рассастың айтуы бойынша, геометриялық пішіндегі көкөністерді өсіру үшін жасалған барлық тәжірибелік жұмыстар 100% сәтті өткен.
Суреттер: blagin-anton.livejournal.com, foto.rambler.ru, liveinternet.ru