- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Шанхай қаласындағы ең...
Шанхай қаласындағы ең ірі түсел
Қытай еліне жол түсіп, ең ірі сауда қаласының бірі Шанхайға ат басын тіресеңіз, ең алдымен қоналқы іздейтініңіз әбден белгілі. Ал ірі сауда немесе еларалық жұмыстармен жүрсеңіз, бірден-ақ жолға шықпас бұрын тапсырыс беруіңізге тура келеді.
Халықаралық Marriott серіктігінің Шанхай қаласындағы «Қызыл көпір» түселі жақында өз жұмысын бастады. Жалпы 323 бөлмеден тұратын салтанатты сарай негізінен шетелдік қонақтарға арналған. Алда-жалда жол түсіп бұл қалаға бара қалсаңыз сіздің ең жақсы талғамыңыз болары даусыз.
MarriottH otels &R esorts – халықаралық түсел кәсібімен айналысатын ең ірі компанияның бірі. Жалпы әлемнің 54 елінде өз түселдерін салдырған. Қонақтарға деген қызу мәмілесі, салтанатты да жанға жайлы түсел қызметі қонақтардың ең жақсы талғамына айналған. Жалпы азия елдеріндегі ең ірі, табысы ең мол компания болып есептеледі.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: marriott.com
Қ. Қауымбек