- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Себуге арналған кофе...
Себуге арналған кофе
"Тозаң түріндегі энергия" кофенің жағымсыз дәм-тұзынсыз-ақ кофеиннен керекті энергетикалық энергияны алып береді.
Бүріккен тамшылар теріге сіңіп, ағзада бірнеше сағаттарға сақталу арқылы қолданушыға сергітерлік сезімді сыйға тартады.
21 жастағы Бен Ю серіктесі Девен Сонимен бірлесе отырып, "Шашыранды энергия" атты инновациялық өнімге арналған жеке компания ашты. Кішкентай пластмасс бөтелке иіссіз әрі түссіз формуланы сақтайды.
"Шашыранды энергия" мойынға, білек пен бүкіл денеге шашуға арналып жасалған. Және мөлшері кофеиннің кіші құрамын құраса да (бір шыны аяқ кофе), энергияның сол бір мөлшерін сақтайды. Мойынға екі бүрку бір шыны аяқ кофені ішкенмен бірдей екен. Максимальды шашу мүмкіндігі - бес сағатқа бес рет бүрку немесе күніне 20 рет.
Қауіпті емес. Сұйықтық оңай сүртіледі, теріге жағымсыз әсер қалдырмайды. Бағасы – 15 $. Бір бөтелке 40 рет бүркуге жетерлік.
Кофені ұнатасыз ба?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет:lifehacker.ru
Л. Лига