Әрбір адамның өмірінде демалатын уақыт болады. Сол демалысты саяхатқа арнауды да бәрі армандайды, бірақ ол үшін ақшаны қайдан алмақ? Саяхаттау үшін міндетті түрде бай болу керек пе?
Еуропаға саяхаттау үлкен қаржылық шығынды талап етпейді. Егер, әрине, бесжұлдызды қонақ үй, қымбат мейрамханалар мен басқа да даңғазадай атрибуттарды армандамасаңыз. Қарапайым қонақ үй, қымбат емес кафелерге таңдау жасасаңыз – онда бір ай саяхатқа ақша жинап алуға әбден болады.
Егер бүкіл әлемді шарлағыңыз келсе, онда ақша жинау процесі 12 жылға созылуы мүмкін. Біраз ұзақ мерзім. Алайда, жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 35 жыл деп алатын болсақ, онда әрбіріміз жер шарын шарлап өтуге бірнеше мүмкіндік аламыз. Ол үшін ақшаңызды ақылмен жұмсап, бос заттар мен киімдерге құрта бермей, тіпті қосымша жұмыстан да бас тартпай арманыңызды іске асыруға болады.
Тек ерекше қоғам өкілдері ғана өзіне саяхаттау жасай алады деу қателік. Қаласақ, әрбіріміз саяхаттай аламыз. Қалтаңыздағы ақшаңыз тек саяхатыңыздың жайлылығына ықпал етеді.
Нағыз саяхатшы үшін ақша үнемдеу – бұл бастысы емес. Теңізді ескекпен бағындыратындар авиабилеттерге ақша үнемдеу үшін жүзбейді, ал альпинистер сараң болған үшін тау аспайды. Саяхаттауда бастысы жету емес, сол жерге қандай жолмен жететінің маңызды.
Сондықтан арманыңыздан ешуақытта бас тартпаңыз және соған жету жолында еңбек етіңіз.
Сурет: puteshestvie-about.ru, mygazeta.com
Дайындаған: Анар Мұстафина