Indigo Rose - түр-реңкі өзгеше, сырты көмірдей қара, іші нарттай қызыл қызанақ түрі. Сырты ұнамсыз көрінгенімен, жегенге өте дәмді, құрамы пайдалы дәрумендерге толы болып келеді.
Indigo Rose - қызыл мен күлгін қызанақтың будандасуынан пайда болған жаңа түр немесе жоғары нәрлі көкөніс.
Күлгін қызанақтардың болатынын осы күні де көпшілік біле бермейді. Америка ғалымдары үлгілендірген (модифицированный) осы бір көкөніс арнайы антиқышқылға толы болады. Оны anthocyanin деп атайды.
Anthocyanin диабет пен семіздікке қарсы ем және қызанаққа күлгін түсті түр-реңкті сыйлайтын пигмент. Осы жерден, күлгін қызанақтарды әдеттегі қызыл қызанақтармен будандастырғанда, қара сұрып шығады екен.
Қара қызанақтар Орегон университетінде профессор Джим Майерстің басшылығымен алынуда. Көздеген мақсат - қызанақтың денсаулыққа пайдалылығын арттыру.
Зерттеушілер күлгін қызанақтың anthocyanin пигментіне ие екенін, қаражидек түсін бере алатынын білгенде, оларды қызанақтың жабайы түрлерімен будандастырып шығаруды қолға алған. Нәтижесінде қара түсті қызанақ шығарылған, ол өз кезегінде anthocyanins қоспасына ие дүниедегі ең үздік қызанақ шырыны саналуда.
Қара қызанақтың бар екені ертеректен белгілі, бірақ Индиго Роуз - будандастырылып шығарылған жалғыз ғана шынайы қара қызанақ, қызанақтың қара қанық сорты болып табылады.
Бір айта кетерлігі, қара қызанақтар әдеттегі қызанақтар секілді аса тәтті емес, есесіне, өткір хош иіске ие екен. Тұрмыста қуырылған күйінде, салат қоспасына пайдаланылмақ.
Айтпақшы, сатылымға көп ұзамай шығып қалатыны айтылады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: woodlandgardensorganic.com