Ұлыбританиялық фотограф дрон құрылғысының көмегімен ерекше табиғи құбылысты таспаға түсірген: жартасты қоршаған тұман сарқырамаға ұқсайды.
26-жасар Джеймс Лавридж (James Loveridge) ландшафтты сурет өнерімен айналысады. Оның суреттерінің көпшілігі Ұлыбританияның оңтүстік-батыс бөлігінде Ла-Манш бұғазының жағалауында орналасқан Дорсет графствосында жасалған. Аспан мен су – оның суреттерінің негізгі кейіпкерлері.
Жақында Лавридж Юр жағалауында түсірілген бейнебаянымен бөлісті. Жергілікті табиғаттың сұлулығына көз тоймайды. 30-метрлік жартастан құлаған тұман тым әсерлі көрінеді.