Санкт-Петербург қаласы жақында ғана туризм саласындағы ең жоғарғы сыйлық - World Travel Awards сыйлығымен марапатталды. Жеңімпаз қаланы анықтау үшін әлемнің әр түкпірінен келген саяхатшылар мен туристер дауыс берді. Петербургтағы әдемі сарайлар, шіркеулер қала қонақтарының көңілінен шықты. Сондықтан бұл қала Еуропадағы ерекше қала болып табылды. Біз сіздердің назарларыңызға Санкт-Петербургтің бір топ тамаша суретін ұсынамыз.
Спаса-на-Крови ғибадатханасы
Бұл ғибадатхананы жергілікті тұрғындар "Собор Воскресения Христова на Крови" деп те атайды. Себебі 1881 жылы бұл жерде әйгілі Александр II патшаның өміріне қастандық жасалған. Император қатты жараланып, сол жерде көз жұмады. Төмендегі суреттен ғибадатхананың ішкі көрінісін көре аласыздар.
Қысқы сарай
Бұл сарай ертеде Ресей патшасының сарайы болған. Ол "дворцовой площадь" деген жерде орналасқан.
Аталған алаңнан керемет архитектура өнерінің үлгісін көруге болады. Мысалы, сарайдың өзі барокко стилінде салынса, гвардиялық корпустың бас ғимараты классикалық стильмен жасалған.
Екатерина II таққа отырған кезде Орда құрылысы толық бітеді. Содан соң патшайым бір берлиндік көпестен бірнеше өнер туындысының топтамасын сатып алып, екі қабатты сурет сақтайтын ғимаратқа қояды. Бүгінгі таңда оның атауы Эрмитаж және онда 700 000-ға жуық өнер туындысы сақталған.
Бұл Мойка өзені
Большеохтинск көпірі. Оның артында Смольный шіркеуі орналасқан.
Исаакиевск шіркеуі.
Шіркеу 1858 жылы салынған. 1930 жылы ол жабылып қалып, кейін мұражайға айналды.
Александр бақшасы. Халық көп жиналатын қаланың көрікті жерлерінің бірі.
Кітаптар үйі
Никольск теңіз шіркеуі
Бұл шіркеу Кронштадтедегі ең биік ғимарат. Санкт-Петербургтің басқа шіркеулері секілді бұл шіркеудің іші де керемет әшекейленген.
Екатеринск сарайы
Сарай патша ауылында орналасқан. Бұл өлкенің қазіргі атауы - Пушкин.
Екатерина I-дің қызы Елизавета Петровна 1734 жылы сарайды қайта құрды. Оның ұзындығын 1 километрге дейін созып, ішін 99 килограмға тарта алтынмен безендірген.
Орыс патшайымы Елизавета Петровна бұл сарайды өзінің жазғы резиденциясы ретінде қолданған.
Ал бұл "кәріптас бөлмесі" деп аталады. Ол сарайдың аңызға айналған бөлігі десек, артық айтпағанымыз. Оны жасау үшін 453 килограмнан астам кәріптас кеткен.
1941 жылы немістер бұл бөлменің тас-талқанын шығарады. Бірақ 40 жылдан кейін кәріптас бөлмесін қайта қалыпқа келтіреді. Оны жөндеу үшін 20 жыл уақыт кетеді. Сөйтіп, 2003 жылы қайта ашылады.
Петергофтағы үлкен сарай