- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Салты сара, дәстүрі...
Салты сара, дәстүрі дара сыған халқы
Өмір сүру дағдысы да, жүріс-тұрысы да, салт-дәстүрі де ерекше келетін, Шәмшінің атақты Изольдасының туыстары саналатын сыған жұрты туралы қызықты деректермен таныс болыңыздар.
"Жаратушы ие сығандарды ерекше таланты мен сауық-сайраны үшін жақсы көріп, өзі ұнатқан халқына күллі әлемді сыйға тартады. Сондықтан да, сығандар бір жерде ұзақ аялдау, отырықшы өмір сүру дегенді білмейді"...
Бірнеше ғасырдан бері сыған жұрты дәл осылай аңыз шертіп келеді. Кейде, аңызды ақиқат па деп те қаласыз, өйткені сығандарды кез келген елден, кез келген қаладан ұшырастыруға болады.
"Сыған" - "славяндықтар", "кавказдықтар", "скандинавиялықтар" сынды жинақтама термин. Сығандардың құрамында онға жуық халық, өздеріне тән әнұраны, туы, көркем әдебиеті бар.
Сығандарда ересек немесе тұрмыс құрған әйелдерге байланысты айтылатын "сұрқиялық" деген ұғым бар екен. Яғни, есі бар қыздарға ашық-шашық киінуге тыйым салынады. Олардың ұғымы бойынша, белден төмен киілген киім "арам" саналады. Сығандықтардың ері де, әйелі де шаштарын тым қысқа етіп қысқартпайды. Қысқа шаш – абыройсыздықтың белгісі.
Ешбір сыған алапес ауруымен ауырмайды. Сығандықтар хинди тілін түсінеді. Сондықтан олар үнді фильмдерін сүйіп тамашалайды.
Журналистика, көше және ғимарат тазалау, зауыт-фабрикадағы жұмыс – бұларды сығандар адамды қорлайтын кәсіптер деп есептейді. Олар мұндай кәсіптерге жақындаған тайпаластарын орталарынан қуып жібереді екен.
Ет – ауылды, орманды жерлерде өмір сүретін сығандардың ең негізгі тағамы. Олар көбіне жабайы қабандардың, қояндардың және кірпілердің етін жейді. Айтпақшы, қуырылған немесе бұқтырылған кірпі – сығандардың ұлттық тағамы. Ел аузында сығандар адам етін жейді екен деген алып-қашпа әңгімелер де жоқ емес...
Орыс тілінде кең таралған "лавэ" жаргоны – сығандық "ловэ" (ақша) сөзінен шыққан. Кейбір сыған еркектер құлақтарына сырға тағып жүреді. Бұл отбасында жалғыз ұл екендігін білдіретін нышан.
Сыған табырында жастарға жұптарын таңдауда еркіндік берілген. Ал тым ерте отбасын құруды қалайтын перзенттеріне қалыңдықты ата-анасы таңдап береді.