Сал ауруына шалдыққан қалыңдықтың тосынсыйы

Сал ауруына шалдыққан қалыңдықтың тосынсыйы
Фото: boredpanda.com

Шетелде үйлену тойында әкесі қалыңдықты күйеу жігітке өз қолымен табыстайды. Ал Жакуа Гончер үшін бұл салтанатты дәстүр 17 жасынан орындалмас арманына айналғандай. Себебі, ол 17 жасында мойнынан төмен сал ауруына шалдыққан. Атаулы күнде, мұндай жауапты сәтте әкесі қызының емес, арбаның "қолынан" ұстап келді. 

8 жыл бұрын жүзу кезінде жұлынын жарақаттаған Жакуаға дәрігерлер "енді жүре алмайды" деген диагноз қойып, үмітін үзген. Мұны естіген болашақ спортшы суда жүзу өнерінен бас тартады. "Спортзалда шыныға алмайтынымды көз алдыма елестетсем, өмірден түңіліп кетемін, мен үшін ең ауыры осы болатын" дейді науқас қыз.

24 жасқа келгенде Жакуаға ғашығы сөз салып, бір жылдан соң үйленеміз деген. Адамда үміт өшуші ме еді: сүйіктісінің осы қадамы әсер еткен болуы керек, ол бар жігерін қайрап, аяқтан тұру үшін қолынан келгенінің бәрін жасайды. Ал ары қарай суреттер сөйлесін...

paralyzed-bride-walks-at-wedding-jaquie-goncher-27

 Ол той алдында бір жыл бұрын емделіп, сүйіктісіне тосынсый жасауды жөн көреді. 8 жыл кеудені қинаған ауру махаббаттың алдында тізе бүкті...

Г. Берік