- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Сахарада тағы да...
Сахарада тағы да қар жауды
Фото:
facebook.com
Сахара шөлінде Алжир аумағындағы Айн-Сефра қаласына жақын жерде екінші жыл қатарынан қар жауды. Мұндай ерекше құбылыстың фотосуреттерін биыл да фотограф Карим Боучатат түсірген екен. Суреттерді ол фэйсбук парақшасына жүктеді.
Әлемдегі ең ыстық аймақтардың бірі саналатын Сахара шөліне қар жаууы сирек кездесетін құбылыс екені айтпаса да мәлім. Былтырғы жауған қар соңғы 37 жылда алғаш рет қайталанған болатын.
А. Оралқызы