Әлемдегі ең ыстық аймақтардың бірі саналатын Сахара шөліне қар жауды. Сирек кездесетін құбылыс соңғы 37 жылда алғаш рет қайталанып отыр екен.
Ақ ұлпа Сахара шөлінің Алжирдегі Айн-Сефра қалашығы маңына жауған. Әуесқой-фотограф Карим Бушетат табиғаттың сирек құбылысын суретке түсіріп, ғаламторда жариялады.

Қар ұзақ жаумаған. Бірер сағатта тоқтаған.

Қар жауған Сахараның бір аймағы ғана. Шөл 10-ға жуық мемлекеттің жерінде орналасқан.

Сахараға қардың түсуі - сирек құбылыстардың бірі. Соңғы рет 37 жыл бұрын жауған екен.

Сахарадағы қардың мына бір көрінісі жат ғаламшарды елестетеді.

Қар бірнеше күннен кейін еріп кеткен.
О. Сансызбай