Әлемдегі ең үлкен шөл 9 000 000 шаршы шақырым аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр. Туаректік диалектіде «Сахара» сөзі «шөл» деген мағынаны береді.
Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады.
Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлерде бар.
Сахарадағы жалғыз су көзі – Ніл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың басым бөлігін басып өтеді. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде ылғалды алқаппен жер астындағы бұлақтан шығатын құдық бар. Бұл ерекше құмды аймақта джиппен серуендеуге келген туристер үшін арнайы бөлімшелер орналасқан. Сахара шөлінде құрма ағаштарымен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен.
Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан салынған. Бұл қала – ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардың бірі.
Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның құрбанына айналып жатады.
Құмды, тасты, сазды, тұзды сынды шөлейтті аймақтың бірнеше түрі бар. Сахара құмды шөл далаға жатады.
Дереккөз: bilim-all.kz